20 қарашада "Рудный орта мектебі" КММ - де "20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні"тақырыбы бойынша 1-11 сыныптар аралығында тақырыптық жиын және сынып сағаттары өтті.
Бүгін, 20 қарашада бүкіл әлемде балалар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады. Мақсаты Балалардың құқықтарын қорғау және оларға достық ортаны дамыту болды.
Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі бола отырып, Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Ел 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылды.
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау аталған халықаралық құжаттан басқа бірқатар мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерде көзделеді:
- ҚР Конституциясы (27-бап);
- "ҚР-дағы бала құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы заң;
- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы" Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы " Кодексі;
- 2002 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс және т.б.
Елімізде балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен кепілдіктерін реттейтін 45-тен астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды.