Су тасқыны дегеніміз – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан, өзеннің тасуы немесе сел жүру әсерінен елді-мекендерді су басу. Үй мен жер опырылып, барлығы қозғалып, қираса – су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады.
Төтенше жағдай орын алған кезде қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз. Телефон желісі сізбен байланысу үшін бос болуы керек. Сабырлық сақтап, көршілерге ескертіңіз. Мүгедектерге, балаларға және де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.
Құжаттарыңызды, қажетті заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді арнайы сөмкеге салып, дайындаңыз. Бағалы заттар, азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз. Сонымен қатар, электр сымдарын тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз. Шамаңыз келсе су басқан аймақтан кетіп қалыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болып, сізді тезірек тауып алу үшін құтқарушыларға белгі беріңіз.