Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-жырымның адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі.
Рудный орта мектебінде Абжанова Орал Магапаровна мен Советова Жансулу Камбаровна және 9 сынып оқушылары ұйымдастыруымен наурыз айының 19 күні « Жоралғы күніне» байланысты салт-дәстүрлерді жандандыру мақсатында «Қазағымның дәстүрлері» іс-шара өткізілді.
Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту; бүлдіршіндерді халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлер құндылықтарымен терең таныстырып, оның тарихын баяндай отырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша шығармаларды бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған, ой- өрісі кең мәдениетті тұлға қалыптастыру.
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына аса көңіл бөлген. «Халқымызда балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл сөз бар. Демек, өскелең ұрпақты бабаларымыздың өнегесін, өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар- дей, отыра оқушылар "Тұсау кесу" дәтүрін көрсеті. «Тұсау кесу»- қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы.