ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) ағымдағы жылдың 26 сәуір күні “Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметі жайында кеңінен жариялау» тақырыбында шағын брифинг өтті.
Іс-шараның тақырыптық бағыты – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басым бағыты болып табылады.
Пікірталас барысында журналисттердің сұрақтарына Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов сыбайлас жемқорлықтың салдарын ескерту, бағалау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасау Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі міндеттерінің бірі екендігін хабарлады.
Сонымен қатар, Айбек Шілманов журналисттерді көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санынан хабардар етті. Олардың саны облыс бойынша 354. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтер саны 5506481, қағаз түрінде 2860833, электронды түрде 1733986 және Мемлекеттік корпорация арқылы 911662.
Спикер азаматтармен қалыптастырылған кері байланысқа ерекше назар аударды. Қандай да бір құқық бұзушылық фактілері мен әкімшілік кедергілерге тап болған қызмет алушылар Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына қоңырау шалу арқылы және memkyzmet.kz. порталында «Ұсыныстар мен шағымдар» айдарына кіріп өз ұсыныстарын, шағымдарын қалдыра алады.
Арнайы шақырылған қонақ – «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің басшысы – Е. Әлсейітов электронды қызметтердің басым мүмкіндіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты құрал екенін айтып өтті.
Сондай-ақ, Еркебұлан Асанбайұлы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға көшу – мемлекеттік қызметті дұрыс әрі жүйелі түрде алудың бірден бір жолы екенін, қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей қарым-қатынасқа түспеуі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шығындарды азайту арқылы сыбайластық фактілерін барынша азайтуға болатындығын түсіндірді.